Әуежайда коллекциялық монеталарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

1174
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласының халықаралық әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып өтпек болды деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.

Алдын ала деректер бойынша номиналы 100, 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 келі монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған. Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңге болды, – делінген хабарламада.

Құқық бұзушылардың ісі тиісті органдарға жіберілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер