Атырауда 650 миллион қаражатты заңсыз иемденгендер қамауға алынды

2832
Adyrna.kz Telegram

Атыраулық екі компанияның құрылтайшылары үлескерлерді 650 миллион теңге алдағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" Атырау облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысында үлестік тұрғын үй құрылысына 650 миллион теңге инвестициялаған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз алды деген күдікке ілінген «Nazik group» ЖШС мен «Andorra Construction» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілердің әрекеттерінен үлескерлер екі жыл өтсе де әлі баспана ала алмай келеді. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Прокуратура «әр азамат қырағы болуы керек және объективті ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдардың департаментіне немесе құрылыс бөліміне хабарласу қажет» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер