"Мажорларға" заң басқа ма?

2167
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі замаңда, өкінішке орай өте жиіркеніштті жағдайлар орын алып отыр. БАҚ немесе әлеуметтік желідегі тарап жатқан жаңалықтарға зейін қойып, қарайтын болсақ, екі аптада бір рет шенеуніктің немесе қалталы адамның баласы заңды бұзып, ұсталғаны жайлы ақпаратты көптеп байқауға болады. Оның нәтижесі әртүрлі, кей кезде адам өліміне алып келеді, ал кейде Аллаға шүкір өлімсіз аяқталады.

Бірақ осы жағдайлардың барлығын бір ортақ қорытынды байланыстырып отыр. Атап айтқанда, кінәлі болып айқындалған жастар өздерінің әке-аналарының таныстары, не ақшалары арқасында жазаланбай қалады. Соның ішінде, ең көп шу шығарған оқиғаларды еске алсақ:

  1. Мақсат Үсенов. 2013 жылдан бастап, жол апаты кезіндегі болған оқиғада адам өлімі орын алған еді. Сол кезде, осы жігіт мас күйінде болып, кінәлі болған еді. Бірақ ол сонымен тоқтамай, 2017 жылға дейін, 4 жыл қатарынан халықты шулатып жүрген еді. Біресе, ұшақта заңды бұзып, мас күйінде дөрекілік көрсеткен еді, кейін үлкен мөлшерде мемлекетке салық жағынан қарызы болып, төлемей жүрген көрінеді. Сонымен қатар есірткімен де ұсталған деген дерек бар. Бірақ ең сорақысы, жүргізуші куәлігінен ресми түрде айырылып, қайтадан көлікпен жүріп, заң бұзған еді. Ал осы жағдайдың нағыз қаймағы – әкесі болып отыр. Қажымұрат Үсенов 2016 жылы жемқорлық бабы бойынша өзі айыпталып, бір жылға жетпей амнистия бойынша ақталып, бостандықа шығады. Кезінде әкесі ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бастығы лауазымында болған еді.

 

2.  Даурен Алдаберген. Оның әкесі, қазіргі таңда – Энергетика министрі Қанат Бозумбаев. Оқиға 2015 жылы Павлодар қаласында орын алған, сол кезде Бозумбаев мырза облыс әкімі болған. kz, Informburo.kz және басқа бірқатар сайттар орын алған жағдай жөнінде сараптамалық мақалалар жариялаған болатын. Сол ақпаратқа сүйене келсек, қыз баланы зорлау жөнінде қылмыстық іс болған көрінеді. Ашық ақпаратта белгілегендей, Даурен сол іс бойынша кәугер ретінде болған еді. Бірақ,  жергілікті «Версия» газетінің тілшісі Ярослав Голышкин сотталғанымен, ол алдында Дауренді кінәлаған болатын. Сол мақалаларда жариялағандай, тілшінің қолында жәбірленуші, зорланған қыздың аудио жазбасы бар болған-тұғын. Жазбада қыз Дауренді және оның досын өзін зорлады деп айтқан болатын. Ақырында зорлау ісі бойынша екі тарап мәмлеге келуіне байланысты, бейбіт түрде шешкен екен.  Ал шын мәнісінде не және қалай болғанын бір Құдай ғана білетін шығар.

 

  1. Қуаныш Туракельдиев. Әкесі – Болат Туракельдиев, кезінде Премьер-Министр кеңсесінің бас инспекторы болған еді. Ұлы болса, 2015 жылы Астана қаласындағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығындағы кинотеатрінде жұмыс істеген қыздың ішінен теуіп, шу шығарған болатын. Сол кезде де, әлеуметтік желіде халық шулап, жауапкершілікке тартуды талап еткен. Оқиға өрбіген кезде, әкесі амалсыздан лауазымын тастап, өз еркімен жұмыс орнын босатқан болатын.

  1. Индира Ахметжанова. Әкесі – Ахмедбек Ахметжанов, кезінде Қостанай қаласының әкімі болған еді. Сол 2015 жылы жәбірленуші қостанайлық фотомодель Анжела Шнайдер, Гульнара Бикмагамбетоваға және Индира Ахметжановаға қарсы сотқа арызданып, ұрды деп кінә артқан көрінеді. Бірақ, біздің қоғамымыздағы барлық ұқсас ертегілердегі сияқты, екі тарап келіскеннен кейін, бейбіт түрде шешіледі.

  1. Нурдос Нурманбетов. Әкесі – Берик Нурманбетов, кезінде РМК «Мемсараптама» астаналық филиалының директоры болған.  2015 жылы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкердің жеке көлігімен адам қағып, қайтыс болған. Көлікте оның ұлы және екі досы болып, Нурдос кәугер ретінде іске қатысқан. Ақырында, көлікті жүргізген ұлының досы Диас Кивенов 3 жылға сотталған.

Осы мақалаға негіз ретінде,  Алматыдағы жаңалық болып тұр. Құқық қорғау қызметкерлерімен азамат ұсталды. Көлігінде доллар валютасындағы көп мөлшерде ақшамен қоса, травматикалық тапанша табылған көрінеді. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, халықтың пайымдауынша ұсталған азамат – Талдықорған қаласы әкімінің ұлы – Тұрлыхан Тұрарбек болуы ықтимал. Осы тұжырым бойынша, қызметтік тексеріс жүргізіліп, мәлімет нақтыланды. Ресми ақпарат бойынша, көлікті тоқтатқан кезде Тұрлыхан оқуда болған сияқты,  ал көлікті басқарып отырған оның групаласы – Арлан Шарипов, сонымен қосы, көлікте Бейсен С. Және Мақұл Н. болған. Қару болса, Мақұл Н. азаматқа тиесілі деп құзырлы органдар хабарлауда.

Одан бөлек, тізімдеп жаза берсек, көп оқиғаларды еске алуға болады. Қорытындылай келгенде, осы істер бойынша сұрақтар мен күмән өте көп, бірақ жауап жоқ. Қарастырылған оқиғалар нәтижесі де әртүрлі, кейбіреуінде қорғап жүрген әкелері өз еркімен мемлекеттік жұмыстарын тастап жүрсе, ал басқалар көлеңкеде қалып, ары қарай жалғастыра берген. Ал кінәлі, айыпты болып жүрген жастар да, кейбіреулері жауапқа тартылса, кейбіреулері тек куәгер ретінде қылмыстық және азаматтық істерге қатысқан.

Енді тиынның басқа жағын қарастырсақ, бәлкім сол қылмыстарды қарапайым адам жасаған болса, жаза әлдеқайда ауыр болуы да ықтимал немесе егер де, сол бастықтардың балаларына қарсы заң бұзушылық жасалған болса, онда кінәлі адамның да жазасы ауыр болар еді.

Нәтижесінде заң бұзушылыққа жастарды не итермелейді, себебі қандай деген сұрақтар көпшілікті мазалауда. Психологиялық жағынан қарастырсақ, мүмкін олар өздерінің әкелерінің лауазымына, не қалтадағы ақшаға сеніп жүрген де шығар. Сонда осы ойға сүйенсек, олар өздерін қатардағы қарапайым жастардан жоғары санайды деген тұжырым шығады. Себебі, «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны көресін» – деп дана халқым бекер айтпаса керек.

P.S.  Кінәліні баладан емес, өзінен іздеген дұрыс. Қалай тәрбие берсен, солай ертең жемісін де көре жатарсын. Сондықтан, халқым менің, балаларымызды ұлттық нақышта тәрбиелеп, адамгершіл сияқты қасиеттерді бойларына сіндіру керек сияқты.

Барлығы да пенде, барлығы адамзат баласы, сәйкесінше заң алдында да барлығы бірдей болуы хақ. Аман болайық, ағайын! Сақтықта қорлық жоқ!

 

Қали Әубәкіров

 

Пікірлер