Сарбаз 28 жылдан соң табылды. Ісі бойынша процестік шешім қабылданбақ

2103
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда әскерден қашып, жоғалып кеткен сарбаз 28 жыл өткен соң табылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп. 

1996 жылдың күзінде әскерге кетіп, қайта оралмаған Атырау облысының тұрғыны Бейбіт Қозыбаев 28 жылдан кейін аман-есен табылған.

Жақын аралықта Бейбіттің анасы Маржан Қозыбаева туған ұлымен қауышты.

"Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды", - дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.

Қозыбаев Бейбіт Алтайұлы - Атырау облысы Жасқайрат ауылының тумасы. Ол 1997 жылы 9 қыркүйекте жоғалған, осы уақытқа дейін оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады.

Бұл жағдайға қатысты Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы түсініктеме берді.

"Осы қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына сәйкес процестік шешім қабылданады. Нәтижесі кейінірек хабарланады. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от MANGYSTAU | AKTAU жаңалықтары (@ladakz_qz)

 

Пікірлер