Абай облысында "Qnet" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

2382
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Абай облысында «Qnet» қаржыпирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 2018 жылы «К» есімді азамат тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, «Qnet» халықаралық компаниясының сайтына тіркелген. 2021 жылы наурыздың басында өнімді сату және тарату дағдылары бар ол Алматы облысының аумағындағы желілік маркетинг саласында қалыптасқан жағдайды зерттей отырып, желілік маркетинг, халықтың экономикалық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, заңсыз табыс көзін табу және пирамиданы басқару ниеті пайда болды. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында ер адам бұрынғы танысымен бірікті. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында екеуі (Гонконг) Малайзияда тіркелген «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын пайдалана отырып, жасырын әрекет етті.

Бірлескен қызметке қатысу үшін, клубтық саяхат картасын сатып алу және «Qnet» компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде азаматтар жарна жасау керек болды. Қаржы пирамидасының кедергісіз және үздіксіз таралуы үшін және көп қатысушыларды тарту мақсатында сотталушылар 2021 жылы жалға алу арқылы кеңсе ашты.

Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, оқыту семинарларын өткізуімен  кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Екі алаяқтың қаржы пирамидасына Қазақстан Республикасының жалпы 30 азаматы қосылды. Олар ұйымдастырушыларға сенім арта отырып, жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды.

Сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Пікірлер