Астанада жантүршегірлік жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жол апаты бүгін, 29 маусым күні сағат 06:03-те Сығанақ көшесінің бойындағы «Арыс» көпірінде болған.
Chevrolet Malibu маркалы автокөлік LRT бағанасына соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Жантүршігерлік апаттан қаза тапқан 43 жастағы жүргізуші Астана әкімдігінің қызметкері болып шықты.