"Айғайлай бастады". Астанада такси жүргізушісі аутизммен ауыратын балаға қол көтергені айтылды

1412
Adyrna.kz Telegram

Астанада соты әйел мен оның аутизм дертіне шалдыққан баласына дөрекілік танытқан такси жүргізушісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде әйел адам такси жүргізушісінің әрекетін айтты. Ол әйелдің аутизммен ауыратын ұлына қол көтерген көрінеді.

Оқиға болған күні ауа райы жаңбырлы болған. Әйел өз баласының шалшық суды басып, абайсызда көліктің салонын кірлетіп алғанын айтады. Артынша ол такси жүргізушісінен кешірім сұрап, барлығын дымқыл майлықтармен сүрткен. Алайда ер адам бұл оқиғаға агрессивті түрде жауап беріп, баланы шынтағымен ұрып, дауыс көтерген. Бұл туралы баланың анасы айтты.

«Мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп тұрмын. Олар картамен жүреді ғой, сол карта бойынша келген жақта жол жабық болып шықты, ол ашулана бастады. Ол жақта жолдың жабық екенін қайдан білейін? Мен үнсіз отырдым, өйткені бұл адам менен үш есе үлкен. Жеткен соң ол көліктен түсіп, маған айғайлай бастады. Мен ол адамнан қорқып, ештеңеге жауап бермедім. "Яндекс.Такси" жүргізушілерді қалай таңдайтынын түсінбеймін», – дейді жәбірленуші.

Яндекс.Такси баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Сипатталған мінез-құлыққа жол берілмеуі керек. Біз дереу жолаушымен байланысып, ресми өтініш бойынша құқық қорғау органдарына жағдайды анықтауға көмектесуге дайын екенімізді жеткіздік», – делінген хабарламада.

Жәбірленушінің арызы сотқа жетіп, такси жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Сот жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сот қаулысымен Ол әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – делінген соттың хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер