ФАЗЫЛБЕК ӘБСАТТАРҰЛЫ: Ресей халқы Путинді қолдамайтынын дәлелдеді. Егер қолдайтын болғанда, көшеге шығып, қарсылық көрсетер еді.

2014
Adyrna.kz Telegram

Кеше Ресей халқы Путинді қолдамайтынын дәлелдеді. Егер қолдайтын болғанда: "Бұл біздің сайлаған президент. Ресей халқы сайлаған президент. Халықтың қалауына, халықтың дауысына неге қарсы шығасыңдар, неге бағынбайсыңдар" деп көшеге шығып, қарсылық көрсетер еді.

Кезінде Ердоғанға қарсы әскери бір топ бағынбаған кезде, халық көшеге төгіліп кетті. Президентін қорғады. Заңды билікті қорғады. Танктарыңды төңкеріп тастады. Небір әскерлеріңді тұтқынға алды. Қаншама халық қырылды, бірақ заңсыз әрекетті тоқтатты. Ешқандай билік тармағын не қаланы бермеді.

Ал кеше Ресейде бір адам танктың алдына жатып, бұл бассыздық қой деп қарсылық көрсетпеді. Ростовты басып алса да халық қарсылық білдірмеді. Бұл дегеніміз Ресей билігінің заңсыз, басшысын халық сайламағанының дәлелі.

 

Фазылбек Әбсаттарұлы

 

 

Пікірлер