ӨМІРТАЙ ЛАХАН: Тұңғыш рет өкіндім... шетте туғаныма

149
Adyrna.kz Telegram
"Желтоқсан желі" әнінің авторы - сазгер Әбиірбек Тінәлиев.
"Желтоқсан желі" әнінің авторы - сазгер Әбиірбек Тінәлиев.

Осы бір қасіретке толы мұңды әнді естіген сайын көңілім бұзылады.... алғашқы естігенім есіме түседі.

Ұмытпасам, 1988-жыл, Монғолия, Уланбатыр қаласындағы Техникалық университетте студентпін.

Қысқы демалыста ауылға келдім, ол кезде Баян-өлгилік қазақтар Азаттық радиосын тыңдайды.

Азаттық радиосынан Желтоқсан туралы тұрақты хабар беріп тұрады, осы әнді жұрт радиодан естіген екен.

Ауылға келгендегі бірінші естіген жаңалығым осы болды "Желтоқсан туралы өте күшті ән шығыпты, азаттық радиосынан күнде береді" - деген..

Азаттықтың хабар тарататын уақыты таңғы сағат алты, жеті шамасында болатын..

Таңертең ерте оянып, радионы қосып тыңдауға кірістім, айтқандай Желтоқсан көтерілісі туралы хабардың кезекті бөлімін жалғастырды... хабар соңында сұңқылдатып "Желтоқсан бірде, ел тосқан түрде, келетін мүлде жайдарлы..."- деп бастап жіберді...

Жан - дүнием астаң - кестең болды... жүрегім қан жылады,екі көзімді жас жауды...

Тұңғыш рет өкіндім... шетте туғаныма, Алматыда оқымағаныма.... алаңға шыққан қазақтың ұл - қыздарымен бірге таяқ жемегеніме өкіндім.

1986-жылы Желтоқсанда алаңға атойлап шыққан, кеудесін ыза мен кек буған, намыс мен ерліктің иесі - Қазақтың ұлы мен қызы... менің туысым еді, менің қаным еді, көбісі менің құрдастарым еді..

Мен өзімді осы ержүрек батырлардың алдында мәңгілік қарыздар санаймын...

Өміртай Лахан

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер