Пара алған ба? Шымкент қаласы әкімдігінің басқарма басшысы қамауға алынды

2254
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол пара алды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

"Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп жазды Дәурен Ерғарин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

 

Пікірлер