"Орман өрті өршуі мүмкін"- Министр

2024
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы орман өрті өшудің орнына, өршуі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Төтенше жағдай министрлігіне сілтеп.

60 мың гектарға таралған өрт ауа температурасына байланысты күшеюі күтілуде. Бұл туралы Республиканың су жаңа Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

«Температуралық фонның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының күшеюі мүмкін, бірақ бізде оны оқшаулау үшін күштер мен құралдарды топтастыру жеткілікті», - деді министр. Сондай-ақ, Сырым Шәріпханов шығыс бағыттағы ұшу кезінде өрт белсенділігі анықталғанын, алайда, өртті жою бойынша нақты қойылған міндеттерді атап өтті.

Өрт басталғаннан-ақ көлемі 3000 тоннадан асатын 1017 су төгу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта жалынның жалпы аумағы 60 мың гектар болса, оның 43 мың гектары жанып жатыр.

Пікірлер