Ресейлік трансгендер-блогердің алматылық балаларды балағаттаған видеосы тарады (ВИДЕО)

2463
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматыдағы спорт алаңдарының бірінде ресейлік трансгендер тиктокердің жергілікті балаларды балағаттаған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Видеода жасанды әйел шашын тағып алған ер адам спорт алаңында балаларға өз елінде мұндай балаларды ұнатпайтынын айтып, балағаттады. Басылым авторларының айтуынша, видеоны Хилми Фокс лақап атымен танымал Ресейден келген трансгендер түсірген.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Бейнероликке қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жағдайлар назарға алынған.

Айта кетейік, Хилми Фокс әйелдер киімі мен имиджінде түрлі бейнелер түсіріп, TikTok платформасында миллиондаған қаралым жинайды. 2023 жылдың қаңтарында ол және оның әріптесі, трансгендер тиктокер Даша Корейкамен Ресейде қате жыныстық бағытты насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, содан кейін ол елден кетіп қалған болатын.

Пікірлер