Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың саны 700 мыңнан асқан. Олардың 59%-ы жұмыс істейтін адамдар болса, ал 15%-ы балалар екен. Әрине, бірі туа бітті кемтар атанса, енді бірі тағдырдың тәлкегін бастан кешіреді. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның парызы.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда қандай көмек көрсетілуде? Бұл жөнінде “Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы” қоғамдық бірлестігінің қызметкері, мотиватор Айнұр Сырлыбаевамен сұхбаттастық.
- Айнұр ханым, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірнеше жоба іске асып жатыр. Солардың бірі - “Тәуелсіз өмір мектебі” жобасы. Осы жобаның басы-қасында өзіңіз жүрсіз. Жоба туралы айтып берсеңіз. Қашаннан бастап іске асуда?
Жобаның негізгі мақсаты - мүгедектігі бар кез келген жобаға қатысушыларға ішкі кедергілері мен қорқыныштарын жеңуге көмектесу. Сонымен қатар, оқу аясында тәуелсіз өмір сүру тәжірибесін алуға мүмкіндік беріледі.
Алғаш 2020 жылдың қазан айының 23-30 күндері аралығында бірлестік Алматы қаласында тұратын 18-40 жас аралығындағы мүгедектігі бар жандар арасында осы, “Тәуелсіз өмір мектебі” жобасын ұйымдастырды. Сол жоба арқылы біршама адамға мотивация беріп, өмірлеріне бағыт көрсете алдық.
- Мүмкіндігі бар жандардың қоғамға араласуына қандай көмек көрсетісіздер? Жоба аясында қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?
Жоба аясында қатысушылар тәжірибелі және креативті жаттықтырушылармен бірге қызықты күндерін өткізеді. Олар тау бөктеріне барып, 7 күн бойы ең мықты тренерлермен жұмыс істейді.
Тренинг барысында бірнеше тақырыптар талқыланады. Олар:
Міне, осы ауқымды, қоғамда маңызға ие тақырыптарды қамтып, мүгедектігі бар жандарға пайдамызды тигізуге ат салысамыз. Осындай жоба арқылы қатысушылар қоғамға деген көзқарастарын өзгерте алады. Өздерінің мүмкіндіктерін анықтап, бағытын біліп, соған қарай жұмыс істеуге шабыт алады.
- Жобаға қатысушылар көп пе? Қанша жастан бастап қатыса алады?
Жобаға кез келген тілдегі азамат пен азаматшалар қатыса алады. Себебі, жобамыз екі тілде де жүргізіледі. Қазігі таңда жобаға қатысушылар көбейіп жатыр. Барлығы ынталы, өмірге деген құлшыныстары жоғары.
- Сіздердің жобаларыызға қатысқысы келген адам қалай байланысса болады? Алдымен, не істеу керек?
- Біздің жобаға қатысқысы келетін кез келген адам кеңсеге келсе немесе бірден телефон соқса болады. Жоба ұйымдастырушыларымыз +7(701)-344-39-01 және +7(701)-540-44-55 нөмірлеріне байланысқа шықса болады. Әрдайым көмек беруге дайынбыз!
- Мүгедектігі бар жандардың көбісі үйінен шықпайды. Көптің алдынан шығуға ұялып жатады. Тіпті, өмірден түңіліп, ешқандай мүмкіндігім жоқ деп ойлайтындар да бар. Соларға қандай кеңес бересіз?
“Адырна” ұлттық порталы