Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі бірлесе отырып, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мен арнаулы әлеуметтік қызметтер үшін қайта бағыттау қағидалары жайлы бұйрықты бекітті.
Ережеге сәйкес, адам саудасынан жапа шеккендерге қолдау білдіруде адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің ынтымақтастық тәртібін белгіленген. Аталмыш субъектілерге ішкі істер органдары, білім беру саласындағы уәкілетті орган, туристік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жатқызылған.
Адам саудасының әлеуетті құрбанына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мақсатында оны дереу қауіпсіз жерге ауыстыру керек. Бұл әрекеттерді орындау мүмкін болмаған кезде ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органы үш тіулікке дейін тұрғын үй, тағам және көлікпен қамтамасыз етуі тиіс.
Адам саудасының әлеуетті құрбаны көмектен бас тартқан жағдайда адам саудасының әлеуетті құрбанын анықтаған Қайта бағыттау қағидаларының субъектісі адам саудасының әлеуетті құрбанына ақпараттық карточка береді.
Адам саудасының әлеуетті құрбанын сәйкестендіруді ішкі істер органдары халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағытты айқындайтын аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен, АӘҚ субъектілерімен, коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп жүргізеді.
Егер адам саудасының ықтимал құрбаны көмекке мұқтаж болса, онда сәйкестендіруді жүргізетін субъект жедел медициналық көмекті дереу шақырып, оның шұғыл қажеттіліктерін, соның ішінде суды, гигиеналық құралдарды және бірінші кезекте қажет заттарды қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
Егер адам саудасының әлеуетті құрбаны адам саудасының құрбаны деп танылмаса немесе сәйкестендіруден өтуден бас тартса, онда ол адам саудасы фактісін жасау қатері туындаған жағдайда оған құқықтары мен заңды мүдделерін алдын ала түсіндіре отырып және ақпараттық карточка бере отырып, тұрғылықты жері бойынша қайта жіберіледі.
Сонымен қатар, ережелерде сонымен қатар адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібін және адам саудасының индикаторлары айқындалған. Айта кетейік, бұйрық 2024 жылғы 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.