Біз ұяттан тым алыстап кеттік!
Түркістанда Қожаберген жырау туралы "ғылыми конференция" өтіп жатыр екен. Шынымен ғылыми болса, оған қатысушылар ондай жыраудың өмір сүрмегендігін, күні кешегі бір бейбақтың құрап-сұрап жасаған "Елім-ай" дастаны дегені бастан-аяқ шыли өтірік, поэзияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шикі дүние екенін дәлелдеп қайтар еді.
Керісінше министрліктің қаржы бөлуімен жоқ тарих, жоқ "тұлға" мақтап-мадақталып, аспандатылып жатқаны сөзсіз. Астана, Алматыдан барып, әжептәуір адамдар қатысып отыр. Ұят!..
Біз түбі ұяттан өлеміз не ұятты біржола өлтіріп тынамыз.