Көмір, болат және ақша: Қарағанды облысы тәулігіне қанша өндіреді?

2484
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында тәулігіне шамамен 17 мың тонна көмір шығарылады, 8,5 мың тонна болат балқытылады. Ал кәсіпкерлер күн сайын өз еңбектерімен облыс экономикасына 7 млрд теңге салады. Бұл көрсеткіштер туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.

 – Өткен тәулікте "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 17 мың тонна көмір өндірілді, меткомбинатта 8,5 мыңнан астам болат, 7 мың тонна жалпақ прокат балқытылды. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары 9 млрд теңгеге өнім шығарды. Қарағандының көтерме және логистикалық орталықтарынан түрлі бағыттар бойынша 80-нен астам темір жол құрамдары мен автомашиналар жөнелтілді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Бұл нәтижелер біздің облысымыз еліміздің маңызды индустриялық, кәсіпкерлік және логистикалық орталығы болып табылатынын көрсетеді.

Өңір басшысының мәліметінше, жыл басынан бері Қарағанды облысында 1,1 трлн теңгеге өнім өндірілген. Өсім фармацевтика, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, қағаз және қағаз өнімдерін, тамақ өнімдерін өндіру сияқты салаларда байқалады.

Пікірлер