Қарағандыда 16 қабатты үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты

2732
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, кезекшілік бөліміне 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Республика даңғылы, 18/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. 16 қабатты, 127-пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатында жарылыс болып, өрт шыққан.

«Оқиға орнын тексеру барысында үш адамның денесі табылған. Болжам бойынша олар екі ер адам мен бір әйел екені анықталды. ТЖД күштерінің көмегімен 11 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД 88 қызметкері және бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды.Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахталық көлігі тартылды.

Сағат 22.55-де өрт оқшауланды. Облыс әкімдігі эвакуацияланған адамдарды қонақ үйлерге жеткізумен айналысып жатыр.

Пікірлер