Аустралиялық турист Алматы тауларында жоғалып кетті. Іздеу кезінде ауа-райы қолайсыз болған

2139
Adyrna.kz Telegram
Үлкен Алматы шатқалын аралауға кеткен Аустралия азаматының қайта оралмағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1995 жылы туған Аустралия азаматы 21 мамырда Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Содан оралмаған. Бұл туралы полиция департаментіне ер адаммен бірге келген Ресей азаматы хабарлаған.
"Аустралиялық азаматты соңғы рет әріптестері көрген. Жоғалған ер адамның дос қызының айтуынша, жоғалған адам екеуі туристік сапармен Алматыға 20 мамырда кешке келген. Сағат таңғы 7-де туристер қайта ұшып кетуі керек болған. Қыз әуежайға жалғыз келген, сол жерде ер адамды кездестіремін деп ойлаған. Алайда аустралиялық азамат сол күйі оралмаған", - дейді ведомство.
Туристі іздеуге 6 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ)  құтқару тобы және 1 кинологиялық топ жіберілді.  23 сағат 40 минутта олар іздеуге кірісті. 2 сағат 40 минутта РЖҚЖ қызметкерлері мен полиция департаментінің қызметкерлері Ғарыш станциясына дейін көтеріліп, беткейлерді тексерді. Сол маңдағы Үлкен Алматы көлінің жағалауын да жіті қарап шыққан.
Алайда австралиялық азамат сол күйі табылмаған. Іздеу шаралары кезінде Алматыдағы ауа райы да қолайсыз болған.
"Сағат 10.45-те Үлкен Алматы өзеніне құтқарушылардың тағы бір тобы келді. 10 адам сағат 11:15-те Ғарыш станциясынан іздеуді жалғастырды. Құтқарушылар екі топқа бөлінді: біреуі Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына кетті", - дейді РЖҚЖ баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер