Отан үшін отқа оранған... Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 222 ардагер қалды

2407
Adyrna.kz Telegram

Қазір Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, елең-алаң жылдарды басынан кешірген 222 cоғыс ардагері ғұмыр кешіп жатыр. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мынан астам адам тұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Qazaqstan" телеарнасының хабарлауынша, Қазақ топырағынан ұрыс даласына 1 млн 200 мыңнан астам адам шақыртылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғысқа шақыртылғандар – 1,2 млн

Қаза тапқандар – 600 мың

Орден, медаль алғандар – 100 мың

Кеңес одағының батыры атанғандар – 500

Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар – 4

ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110.

Соғыс көптеген азаматтарымыздың өмірін қиды.  "Атамның аманаты" бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғыс далаларында шайқасқан 271 мың қазақстандықтың хабарсыз кеткенін хабарлады. Жалпы алғанда, соғыс жылдарында Қазақстан миллионнан аса адамнан айырылуы мүмкін.

Ал ресми басылымдар Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 600 мыңнан аса қазақстандықтың қаза тапқанын хабарлайды. Яғни, әскерге шақырылғандардың жартысы соғыстан оралмаған. Қаза болғандар - Қазақстан халқының 11,2 пайызына тең.

Кеше Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлы Отан соғысының екі ардагері Қаймолдин Әбдіғали мен Гапичу Иван Степановичке  «Халық қаһарманы» атағы берілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер