Қазақстанда кей дүкендер Украина территориясын Ресейдікі ретінде көрсеткен глобус-карта сатып жатыр

5111
Adyrna.kz Telegram

Отандық нарықтағы кей дүкендерде Украина жерін Ресей аймағы ретінде "тәпсірлейтін" глобус-карта сатылып жатыр. Бұл турасында журналист Динара Егеубаева хабарлап, картаның суретін әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналист Динара Егеубаева танымал ABDI Company желісі, кеңсе тауарлары дүкендерінің бірінен глобус-картаның суретін жариялады.

Суреттен аңғарғанымыздай, Қырым аймағы, Луганск пен Донецк қалалары Ресей аймағы ретінде айғақталған. Журналист өз сөзінде картаның Ресей өнімі екендігін, тіпті, тұтас тарихтың бұрмалап жазылып жатқанын айтып өтті. Мектеп оқулықтарының өзінде Украина мемлекетінің қалыптасуы мен аймақтық атауларға қатысты деректердің өңі айналдырылып жазылып, балалардың санасы уланып жатыр. Автор мұндай "сойқандық" Қазақстанға да келе ме деп алаңдайды.

-    Міне, осылай... Біздің биліктің келісімінсіз және қазақстандықтарға өз қолымен от көсеткен оккупация бізде де басталып кетті. Әзірге жерімізді емес, ой-санамызды басып алып жатыр. Оның қаупін жоққа шығара алмаймыз, - дейді Егеубаева.

Орайы келгенде айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Петерборда өткен халықаралық экономика форумында Қазақстанның ұстанымын айқындап, Луганск пен Донецкінің тәуелсіздігін мойындамайтындығын хабарлаған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер