"Украинада сайлау өткізу қажет". Трамп 25 жыл биліктен кетпеген Путинді ұмытып кетті

1397
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридадағы резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Украинада сайлау өткізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, егер Киев Ресеймен қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге қатысқысы келсе, бұл маңызды қадам болмақ.

Ақ үй басшысы қазіргі Украина президенті Владимир Зеленскийдің рейтингі 4%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Республикашыл саясаткердің айтуынша, Украинада көптен бері сайлау өтпеген.

"Қазір Украинада ұзақ уақыттан бері сайлау өткен жоқ. Онда әскери жағдай енгізілген. Мұны мойындау мен үшін қаншалықты ауыр болса да, украин көшбасшысының қолдауы 4%-ды құрайды", – деді АҚШ президенті.

Трамптың түсіндіруінше, Украинада сайлау өткізу мәселесі Ресейдің талабы емес. Бірақ көптеген елдерді алаңдатып отыр.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы 18 ақпанда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

“Жасалған келісімдерді заңды түрде бекіту Зеленскийдің легитимділігін даулауға болатынын ескере отырып, терең талқылауды қажет етеді”, – деп атап өткен Кремль өкілі. Мұндайда Путиннің Кремльде отырғанына 25 жыл болғанын айта кеткен абзал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер