Назарбаев мұрагерін таңдады, бірақ билік транзиті болмайды

2912
Adyrna.kz Telegram

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын модернизациялау керек деп есептейді

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев кеше Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының съезіне қатысты пікір білдірді.

Саясаттанушының айтуынша, съездің негізгі күн тәртібі партияның саяси кеңесінің бағдарламасы, кеңестің жарғысы және құрамының жаңаруына қатысты болды. Ал көпшілік съезд кезінде басқарушы партияның ішінде жаңа электоралдық кезең басталады деп күтті, дейді Әшімбаев.

"Үкіметтің отставкасы да, Ұлттық банк басшысының ауысуы осыған ыңғайластырылды. Әдеттегіден ауқымдырақ бағдарлама болады деп күтілді. Сонымен, сайлау мәселесі белгілі бір уақытқа шегерілді. Президент мейлінше лайықты кандидатураны таңдап қойған секілді. Бірақ белгілі бір уақытқа транзит мәселесін жауып қойды", - деді Әшімбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшының пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде жария еткен әлеуметтік бастамалары соңғы уақыттағы қоғамдағы әлеуметтік шиеленіске жауап болып отыр.

Дегенмен, тек әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жеткіліксіз. Еліміздің әлеуметтік саясатын және экономикалық саясатты модернизациялау мәселесі өзекті. Саясаттанушының айтуынша, үкімет әзірге мұны жасаған жоқ, ал осындай стратегияны әзірлеуді уақыт талап етіп отыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер