"Елдегі Мәжіліс сайлауына үміткер сәләфид кандидаттардың беті ашылды" - Ораз Әлімбеков

809
Adyrna.kz Telegram
Қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков сайлауға қатысты өз пікірін білдірді. Ол кей кандидаттарды сәләфилік көзқараста деп айыптап, олардың ұстанымдарын сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  
- Сәләфилердің беті ашылды. «Стандартты емес кандидаттар» 2,5 млн намазханға «ставка» қойды
Мәжіліс сайлауының діни-идеологиялық сипаты жөнінде бұған дейін жазылған. Сайлау алдында шетелден Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков, Айнұр Тұрсынбаевалардың Қазақстанға келуінің бір себебі ретінде Мәжіліс сайлауында сәләфилік көзқарастағы кандидаттарды қолдау екені айтылды. Бұл болжамға сенбей, күлкіге айналдырғандар да болған. Міне, енді сол саяси болжам өзінің дәлелін тауып жатыр.
Сәләфилік көзқарастағы кандидаттардың ойынша, Қазақстанда күнделікті 5 уақ намаз оқитын 1,5 – 2,5 млн намазхан бар екен. Мынау кандидаттар депутат болса, Мәжіліс мінберіне шығып алып намазхандардың құқықтарын қорғайды екен. Сол үшін «Зайырлылық. Парламент. Ислам» атты онлайн конференция өткізіп жатыр. Сақалды үміткерлер өздерін «стандартты емес кандидаттар» деп атап, намазхандарды Қазақстанның басқа азаматтарынан артық қойғысы келе ме, қалай өзі?..
Конференцияның атауы да қызық. «Зайырлылық» және «Парламент» түсінігі белгілі бір діни ағымға, сәләфилік түсініктегі исламға қалай үйлеседі?! Бұл «елде 2,5 млн намазхан бар, сондықтан олардың мүддесі саясатта ескерілу керек» деп зайырлы Қазақстанды саяси шантаждың тезіне алғысы келе ме? Әркімнің наным-сенімі Конституцияда қорғалған.
Кейіннен автор зайырлы мемлекеттің ұстанымдарын тілге тиек етіп, прокуратура мен Орталық сайлау комиссиясына үндеу тастады.
- Әрбір азамат қандай Құдайға сенетінін немесе сенбейтінін өзі шешеді. Оның үстіне, мемлекет діннен бөлінген. Сәйкесінше, діни көзқарас негізінде саяси партия құруға болмайды, діни көзқараспен саяси үгіт-насихат жасауға болмайды. Міне, осы принцип зайырлы мемлекеттің ұстанымы. Ал мынау кандидаттар депутат бола қалса зайырлы заңдардың былай ысырып тастап, елде шариғат заңын орнатқысы келетін сияқты. Осы сұрақтарға заңдылықты қадағалайтын прокуратура мен Орталық сайлау комиссиясы заң негізінде шұғыл түсініктеме беруі керек, - деді автор.
Ескерту: Автордың жеке көзқарасы редакция ұстанымын білдірмейді!
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket