Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасында атыс болды

1086
Adyrna.kz Telegram

Жексенбі күні Таулы Қарабақта Армения полициясы мен Әзірбайжан әскерилері арасында атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тараптар бұл атыс туралы екі түрлі ақпарат таратып отыр.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, әскерилер қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдауы мүмкін көлікті тексермек болған.

«Көлікті тоқтатып, тексермек болған екі жауынгеріміз қаза тапты. Атыс осы оқиғадан соң басталды»,—дейді министрлік.

Ал екінші тарап армян полицейлерінің жұмысқа бара жатып, қоршауға түскенін алға тартып отыр. Айтуларынша, атыс салдарынан 3 әскери қаза тапқан. Елдің Сыртқы істер министрлігі қару-жарақ тасымалдады деген айыптауларды жоққа шығарды.

«Әскерилердің қолында құжаттары және тек қызметтік қару болды»,—дейді Арменияның Сыртқы істер министрлігі.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket