“Самый лучший депутат!”: Әнші Диаз Мусалимов Бақытжан Базарбекке ән арнады

2829
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, белгілі заңгер, мәжіліс сайлауының кандидаты Бақытжан Базарбекке арнап әнші Диаз Мусалимов ән арнады. Бұл туралы ол инстаграм парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әншінің жариялаған инста-бейнебаянына заңгер Бақытжан Базарбектің өзі түскен.

“Маған жазылғандардың бәрі біздің отбасымыз бюрократиялық заңсыздыққа тап болғанын, Алматының әртүрлі әкімдері рейдерлік басып алу арқылы алма бақтарымызды тартып алғанын біледі. Осы жағдайды жария ету үшін бейнебаян түсіргенімізде көптеген достарымыз бен таныстарымыз бізді қолдамады. Бірақ Бақытжан Базарбек сияқты репостпен немесе белсенді көмекпен жауап бергендер де болды.

Оның күшімен алма бау жерлерін иеліктен шығару бойынша тексерулер жүргізіліп, әкімдердің шешімдерінің күші жойылды. Біз бірге отбасымыздың заңсыз басып алынған бақшаларын қайтарып алып, жемқорлық азырақ жүйеге қадам жасай алатынымызға сенеміз. Ән Бақытжан Базарбекті қолдау үшін жазылды. Бәрі ойдағыдай болады”,- деп жазды Диаз Мусалимов

Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, әуен жақында еліміздің бірқатар радиостанцияларының хит-парадтарында болмақ.

“Талантты әнші Диас Мүсілімовпен бірлескен бейнебаянымыз: «Үздік депутат» деп аталады. Ән, әуен киллер және жақын арада бұл ән еліміздің бірқатар радиостанцияларының хит-парадтарында болады.

Біздің бірлескен музыкалық жобамызға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз”,- деп жазды Бақытжан Базарбек.

Пікірлер