“Балаңызға тесік етікті кигізіп, скотчпен жамап, шекараны қорғауға жібересіздер ме?”: Айман Омарова ҰҚК басшылығын сынға алды

3366
Adyrna.kz Telegram

Адвокат Айман Омарова қырғыз еліне өтіп кетіп, сол жақтағы таулардың арасында жүріп, өзі-өзіне (суицид) қол жұмсаған сарбаздың суретін жариялап, ҰҚК басшылығын қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Скотчпен жамалған етік киып сарбаздар шекараны қорғайды ма?

Ұлыкбек те Жамбыл облысында шекарада борышын атқарып жүріп жоғалып кеткен, бірақ 39 күннен кейін табылған. Қырғыз еліне өтіп кетіп, сол жақтағы таулардың арасында жүріп, өзі өзіне (суицид) жасаған деп жатыр құқық орғау органдары.

Бірақ сұрақтар көп, жауап жоқ.

Сарбазның аяғына қараңыздаршы етікті скотчпен жабыстырып қойған.Менде бір сұрақ бар жоғарыдағы ҰҚК басшылығына:

- сіздер балаңызға осындай тесік етікті кигізіп, скотчпен тесігін жамап, қыран қыста шекараны қорғауға жібересіздер ме?", - деп жазды Айман Омарова.

Пікірлер