“Жаңа жылдың шыршасымен бүркемек болады”: Актер Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жариялады

2776
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асқар Наймантаев өзінің Facebook парақшасына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Бұл күнді ұмытпаймын. Ұмыттырмайды. Жақындаған сайын арқаға тиген сойылдың орындары жыбырлап, жарылған қарнымның тыртығы сыздап, қан араласқан аппақ қар көзге елестеп, тергеудегі тепкілер еске түсіп, "сол мені тепкілеген полицейлер қазір қайда екен, не айтып жүр екен?" - деген ызалы сұрақ мидан кетпей тұрып алады. "Целинный" кинотеатрының жанындағы ГУВДның подвалында "Бетіне тиме, денесін аяма!" - деген үш полицей де қазақ еді... Біреуі ғанаорысша сөйлейтін.

Жатақханада Украинадан келген үш КГБ қызметкері көктемге дейін жатып алып, бір бірлеп коменданттың бөлмесіне шақырып алып тергейтін.

Естен кетпейді. Жаңа жылдың шыршасымен бүркемек болады үкімет, "Тәуелсіздік күнінің" қалқасына жасырғысы да келеді.

Бәрібір біз тіріміз амал жоқ, сондықтан сумаңдап шыға келеміз. Біз бармыз, тіріміз! Ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз!”,- деп жазды Асқар Наймантаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер