Қазіргі заманда әлем жаһандану үдерісінің қарқынды даму кезеңінде. Халықаралық қарым-қатынас адамзат тарихында бұндай деңгейде тығыз болмаған.
Экономикалық, саяси, мәдени интерация кең етек жайды. Дегенмен, жаһандану өз кезегінде халықаралық жетістіктермен қатар, халықаралық мәселелер туындатты. Сондай мәселелердің бірі бұл халықаралық терроризм болып табылады. Жалпы, терроризм ұғымы бұл ұйымдасқан топ немесе партия өзі жариялаған мақсаттар мен мүдделеріне сәйкес зорлық-зомбылықты жүйелі пайдалану арқылы қол жеткізуге тырысатын әдіс. Көп жағдайда терроризм локалды, яғни әр кезеңде әр аймақта ғана болатын саяи оқиғалардың бір бөлігі ғана болатын еді.
Дегенмен, террооисттік әрекет саяси мақсатқа жетудің жалғыз құралы болып, бірнеше мемлекет аймағының ауқымына тән бола бастағанда, әрі ең бастысы ірі саяси қақтығыстардың бір формасына ацалғанда ол халықаралық терорризм ұғымына әкелді. Сонымен, 20 ғасыр басында Еуропа елдерінде террористтік акт барысында саяси тұлғалар қайтыс бола бастағанда, сол кездегі Ұлттар Лигасында бұл мәселе алғаш көтерілді.
Алайда, бұл ұғым шынайы танымал болып, әлем елдерін дүр сілкіндірген 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Йорктегі “Халықарарлық бизнес орталықтарға” жасалған террористтік актіден соң басталды. Терроризммен күрес ұранымен Батыс елдері жаппай қауіп-қатерді талқылай бастады. Осы сипаттамалық мәтіннен соң бізде заңды сауал туындайды. Ол сауал мнадай: халықаралық терроризмнің негізгі белгілері қандай?
Ресми дерек көздері терроризмнің негізгі белгілері-жаһандану, кәсібилендіру және экстремистік идеологияға сүйену. Осы үш ұстынның негізінде тұрған халықаралық терроризм барша әлемді үрейге салды. Әсіресе, Сириядағы азамат соғысын пайдаланып, шаңырақ ішінде шаңырақ тіккен “Ислам мемлекеті” еді. Адам құқығын барынша таптап, ислам атын жамылып ұйым қанша дегенмен сәттілікке жете алмады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 1373 қарарында "халықаралық терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі айналымы, ақшаны жылыстату, қарудың заңсыз айналымы және ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да өлімге әкелуі мүмкін материалдар заңсыз тасымалдау арасындағы тығыз байланыс" атап өтілген. Мамандар сондай-ақ террористердің техникалық жабдықталуының өсуін және олардың кейбір мемлекеттер тарапынан жасырын қолдауын атап өтті. Осындай құбылыстарға талдау жасай отырып халықаралық терроризм қандай болсын “жақсы” идеологияға негізделмесін оның әрекеттері әрқашанда адамзаттың универсал ережесі “кез келген адамның өмірінің құндылығына қарсы бағытталғанын ескеруге керек.
Қорытындылай келе, әлбетте әлем елдерінде халықаралық терроризммен өзінше күресуде. Біреуі террористтік ұйым тізімдерін тапса, екішісі солардың “у” идеологиясы таралуына қарсы насихатпен жұмыс істеуде. Осылайша, әлемде осындай у идеологияларды ауыздықтап, халықаралық терроризмді бас алмай жатып, тоқтататын әрекеттер жасалуда.
Сансызбай Бану,
Жұмабек Айдана,
Жетекшісі: аға-оқытушы Н.Б.Рушанова