Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

1605
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру фактісін және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден асады.

«Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелері толық қайтарылды. Ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді»,— делінген хабарламада.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 13.02.2024 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер