Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың желтоқсанында үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
32 жастағы айыпталушы Дархан Ахметжанов Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Ахметжанов 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде өтейді.
Еске салайық, қайғылы оқиға Алматыда 2023 жылдың желтоқсанында болған еді. Дархан Ахметжанов жол ақысын төлеуді өтінген әйел жүргізушіге агрессиямен жауап берген. Жанжал кезінде ер адам қоғамдық көлікті рұқсат етілмеген жерде тоқтатуды талап етіп, жүргізушінің бас тартуынан кейін оның бетінен екі рет ұрған. Салдарынан әйел есін жоғалтып, көлікті басқара алмаған. Нәтижесінде автобус жол жиегінде тұрған адамдармен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, бір адам зардап шекті.