Депутат түкіргені үшін айыппұл төлеп, жемқорлардың жегеннін желкесінен шығаруға шақырды

2057
Adyrna.kz Telegram

Тікелей эфир үстінде түкіріп, көпшіліктің ашуын туғызған депутат Ерлан Саиров заңнама негізінде айыппұл төледі. Өзінің әрекетін “Әділетті қоғам” құрудың мысалы ретінде көрсетіп, ел қазанынан ас ішіп, халық қазынасына қол салған олигархтар мен алпауыттарды жазалауға шақырды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.

“Құрметті достар!

Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз.

Әрбір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажет.

Мен кешегі "Хабар" арнасындағы "түкірік" үшін айыппұл төледім. Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек.Бұл аксиома!

Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз!” - деп жазды депутат.

Сонымен қатар, депутат ел байлығы мен жер байлығын сүлікше сорып келе жатқан ұры-қарылардың аттарын атап, түстерін түстеп көрсету, жазалау қажет екендігін қадап айтты.


“Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет.

Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар.

Олардың жауапкершілігін біз көздеріне "шоқшитып" көрсетуіміз қажет!

Әрбір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс. Әрқайсымыз өзгерсек,  мемлекетті өзгертеміз!Мені қолданған азаматтарға көп Рахмет! Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін!
Біз - Біргеміз!” - деді Ерлан Саиров.

Пікірлер