Елімізде айыппұл мен жәрдемақы көлемі өседі

202
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

2025 жылы айыппұл мен жәрдемақы көлемі өседі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдермен қатар айыппұл мөлшері де ұлғаятыны мәлім болды.

Енді көлік басқару кезінде телефон арқылы сөйлескен не белбеу тақпаған жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл сома келесі жылы шамамен 20 мың теңге тең. Ал, түнгі оннан кейін көше кезген балалардың ата-аналары 12 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндетті.

Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 62 771 теңгені құрамақ. Бала күтімі үшін үлестірілетін ай сайынғы жәрдемақы 21 265 теңгеден 22 648 теңгеге артады.

Ресми мәлімдемеде, ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгеге ұлғайғаны көрсетілген.

Сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңгені төлейді.

Ал мұғалімді не дәрігер мамандарды балағаттаған кісі 39 000 теңге айыппұл арқалайды.

Пікірлер