Қазақстан шенеуніктері 2019 жылдан бері қанша млрд. жеп қойды?

2805
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Twitter-де 2019 жылдан бері аяқталған сыбайлас жемқорлық істері бойынша келтірілген шығын көлемін атады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Мемлекет басшысы Жолдауда жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден заңсыз жолмен алынған қаражатқа мектеп салу тетігін әзірлеуді тапсырды.
2019 жылдан бері аяқталған сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша келтірілген шығын көлемі 29 миллиард теңгеден асты.

Ол прокурорларға заңсыз жолмен алынған қаражат пен мүлікті өндіріп алуды қадағалауды күшейтуді тапсырды. Үкіметпен бірлесе отырып, Елбасының бастамасын жүзеге асыруға кірісеміз», - деп жазды Бас прокурор.

Еске салайық, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша Қазақстанда мектеп салуға жұмсалатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылы 100 мың жас қосымша жұмыспен қамтылатынын атап өтті. Оларға жеңілдетілген несие де қолдау көрсетіледі.

"Бұл қадам олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қылмыстың 90 пайызын жұмыссыздар жасайды, сондықтан бұл бұйрықтың орындалуы елдегі қылмыстық ахуалды жақсартатыны сөзсіз", - деді Асылов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер