Ыстамбұл мэрі жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды

501
Adyrna.kz Telegram
Фото: 1news.az/
Фото: 1news.az/

Ыстамбұл прокуратурасы жемқорлық пен лаңкестік ұйымдармен байланыс ісі бойынша 61 адамның қамауға алынуын талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түркиялық Halk TV арнасының мәліметінше, 23 наурыз күні Астана уақытымен 07:35-те сот Имамоглуды тергеуді бастаған. Сот отырысына Имамоглудың жұбайы, ұлы және Түркиядағы негізгі оппозициялық күш – Халық-республикалық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел де қатысты.

Бұған дейін ол өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарған болатын. Прокуратура оның қамауға алынуын талап етті.

Ыстамбұлдың қылмыстық соты прокуратураның Экрем Имамоглуны тергеу аяқталғанға дейін қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырды. Оны қамауға алу шешімін қабылдады. Ол жақын арада түрмеге жеткізіледі.

Имамоглуға екі іс бойынша айып тағылған. Біріншісі – мэриядағы жемқорлыққа, екіншісі – терроризмді қаржыландыруға қатысты. Дегенмен, қазіргі таңда ол жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған.

Онымен бірге бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде мэрдің кеңесшісі Мұрат Онгун және Стамбұлдың Шишли ауданының басшысы Эмрах Шахан да қамауға алынды. Ал кейбір күдіктілер сот бақылауымен немесе елден кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жалпы алғанда, жемқорлық және терроризм істері бойынша 92 адам тергелуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер