Қазақстандық белсенді АҚШ мемлекеттік хатшысынан халықаралық сыйлық алды

445
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дидар Смағұловтың Facebook парақшасынан
Фото: Дидар Смағұловтың Facebook парақшасынан

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері үшін АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары халықаралық марапатына ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен табыстады. Бұл туралы Смағұлов жеке парақшасында жазды.

Бұл марапат Дидар Смағұловқа Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және жүйелі реформалар жүргізу саласындағы жұмыстары үшін берілді. Ол бұл жетістікті «Әділдік жолы» командасының орасан зор еңбегінің нәтижесі деп атап өтті.

“Мен үшін бұл - ұжымдық марапат. Біздің командамыздың Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді реформалар енгізу және құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту жолындағы еңбегі халықаралық деңгейде мойындалғанына қуаныштымын”, – деді ол.

Сондай-ақ, Дидар Смағұлов отбасына, достарына және әріптестеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

“Біздің еліміздің жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетістіктерінің осындай жоғары деңгейде мойындалғаны көңіл қуантады”, – деп жазды ол өз парақшасында.

Пікірлер