"Өзіңдей қазақты өз қолыңмен өлтіріп жатырсың": Кәсіпкер сарбаздарға үндеу тастады (ВИДЕО)

966

"Сыртта сұрапыл соғыс жүріп жатыр. Ал сен қазақ әскері Отан алдында борышын өтеуге барған өзіңдей қазақты бейбіт заманда өз қолыңмен өлтіріп жатырсың. Дедовщина жасап, өзіңдей жырақта жүрген бейшараның жоқ ақшасын сорып қалуға құмарсың. Бұл нағыз еріккен ессіздің, мейірімсіз адамның тірлігі". Бұл пікірді белгілі кәсіпкер Әмір Мәуленов өзінің инстаграм парақшасында жариялап, әскердегі сарбаздарға үндеу тастады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Төңіректегі геосаяси жағдай ушығып тұрған кезде әскерде жүрген қазақ жігіттері ойынды қою керек. Қазір бір сәт тыныштық алып, ойланатын, бірігетін шақ. Қысқасы, етек-жеңімізді жиып, миымызды қозғап, жинақталатын уақыт болып тұр. Жасың 20-ға келсе де, елдің ертеңін ойлай алатын санаң болмаса рухани мүгедексің. Сөз сүйектен өтеді деген. Жанына батса, есіңді жи! Сыртта сұрапыл соғыс жүріп жатыр. Ана баладан, әке бауырдан айырылып жатыр. Ал сен қазақ әскері Отан алдында борышын өтеуге барған өзіңдей қазақты бейбіт заманда өз қолыңмен өлтіріп жатырсың. Бұл нағыз еріккен ессіздің, мейірімсіз адамның тірлігі. Дедовщина жасап, қолыннан келгенін істеп, өзіңдей жырақта жүрген бейшараның жоқ ақшасын сорып қалуға құмарсың. Жаның қинайсың, өлімге итермелейсің. Қысқасы, әскерде темірдей тәртіп болмай тұр. Тәртіпті орнататын да, бақылайтын да басшылық Қорғаныс министрі өзі барып бақыламаса да, қоласты командирлері өз бөлімшісіндегі тәртіпке, сарбаздың амандығына жауапты болуы керек. Қоластындағы елдің балалары бір-бірін тонап, тепкіге алып, кемсітіп жатқанын көре тұра немқұрайлы қарау қылмысқа пара-пар іс. Ақша деген түсінікті армиядан бір жола тоқтату керек. Реформа осыдан басталсын. Әскерге барған ұлдың ақша туралы ойлайтын шамасы болмауы керек. ", - дейді Әмір Мәуленов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket