Алғашқы ақпарат министрі 80-ге толғанда орденмен марапатталды

1356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-23-960x500.jpeg?token=ff0e3a218e00663591e98a29322b3a37

Қазақстанның тұңғыш баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік наградамен марапатталды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қуаныш Сұлтанов 80 жасқа толып отыр. Ол — "Қарлығаштар", "Жастардың аяқ алысы", "Қазақстан комсомолы", "Уақытпен бетпе-бет". "Қазақстан-Қытай: тарих және қазіргі заман", "Қазақстан-Қытай: құжаттар мен материалдар жинағы", "Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)" кітаптарының авторы. 

1991-1993 жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, кейін премьер-министрдің орынбасары, Қазақстанның Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам және Моңғолиядағы елшісі қызметтерін атқарды. Мәжіліс және Сенат депутаты болды. 

Комментарии