Түркия мен Әзірбайжан жеңілдетілген кедендік дәлізге дайындалуда

3149
Adyrna.kz Telegram
Фото: trend.az
Фото: trend.az

Түркия мен Әзірбайжан жеңілдетілген кедендік дәліз құрудың соңғы сатысында. Бұл туралы Түркияның сауда министрі Мехмет Муш мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біз бұл жобаны Әзірбайжанмен пилоттық режимде жүзеге асыруды бастау үшін техникалық база құрып жатырмыз. Түркия Өзбекстанмен ұқсас кедендік дәлізді жүзеге асыруға дайын», - деді Түркияның Сауда министрлігінің басшысы сейсенбі күні Ташкентте Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжан сыртқы істер, сауда және көлік министрлерінің үшжақты кездесуінде.

Муштың айтуынша, Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстанның жалпы ішкі жалпы өнімі 1 триллион долларға жетеді. Ал үш елдің халқы 130 миллион адамды құрайды, бұл үлкен әлеуеттің көрсеткіші.

Муш Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасалған жеңілдікті сауда келісімдерінің Түркияның осы әлеуетті жүзеге асыруға берген маңыздылығын білдіретінін атап көрсетті.

«Мен бұл келісімдердің аясының кеңеюімен мемлекетаралық қатынастардың жаңа дәуірі келеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, кедендегі бюрократияны азайтуға бағытталған шаралардың қабылдануы сауданы жеңілдетеді және саудаға оң әсер етеді», - деген ол Анкараның кедендік рәсімдерді жеңілдетуге мән беретінін атап өтті.

«Әзербайжан мен Өзбекстан Түркияның Орталық Азиямен саудасында маңызды рөл атқарады.Түркия өз кезегінде Әзірбайжан мен Өзбекстанның Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдерімен саудасында көпір қызметін атқарады», - деді ол.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер