Өрімдей қызды зорлаған хайуан өлім жазасына кесілсін! - Аяна Ғабдуллина Тоқаевқа үндеу тастады (ВИДЕО)

7415

Жетісу облысында 15 жастағы қызды айуандықпен зорлап өлтірген қылмыскердің әрекеті күллі Қазақстанды дүрліктірді. Белгілі журналист Аяна Ғабдуллина осы жағдайға байланысты пікір білдіріп, "Кәмелет жасқа толмаған баланы зорлап, өлтірген хайуандар өлім жазасына кесілсін" деп Тоқаевқа үндеу тастап, осы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді сұрады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Мен, Аяна Ғабдуллина ҚР азаматшысы ретінде де, журналист ретінде де ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың атынан да айтарым бар. Ақиқатты айтамын. Ұқсас оқиғалар көбейіп барады. Бала кезінде де, есейгенде де зорланып, әке-шешесіне айтпай, ұят болады деп қаншама қыздарымыз қайғы жұтып, өмір сүріп келеді. Кінәлілелер бас бостандығынан айырылған жоқ. Еркіндікте өмір сүріп жатыр. Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! "Әуелі Құдайдан, кейін қатаң заңнан қорқатын ел қор болмайды" дейді. Заңды қатаңдату керек. Кәмелетке толмаған баланы зорлап, сонымен қоса оны өлтірген хайуандар өлім жазасына кесілсінші. Егер қоғамға түк пайдасы жоқ осындай азаматтарды өлім жазасына кесуді аясаңыздар, екі қолын шабыңдар. Екі қолымен көті-басын жуа алмайды. Сол түрмеде шіріп, құрт-құмырсқаға жем болады. Осы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді сұраймын",- деді журналист. 

Аяна Ғабдуллинаның айтуынша, 15 жастағы қызды өлтірген қылмыскер "тәртіпті болғаны" үшін мерзімінен бұрын босап шықпағанда, мұндай жағдай орын алмас еді.

"Бұлар түрмеде өмір сүреді екен. Үш мезгіл ме, бес мезгіл тамақтанады екен. Біз оларды салықпен асыраймыз. Мен ондай адамдарға салық төлегім келмейді. Тәртіпті болғаны үшін мерзімінен бұрын босатады екенсіздер. Сол мерзімінен бұрын босатқанның кесіренен осындай оқиға болды", дейді Аяна Ғабдуллина. 

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Аяна Габдуллина (@ayana_gabdullina)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket