Қырғызстанда 20 жасқа толмаған қыздарға күйеусіз немесе ата-анасыз елден шығуға тыйым салу ұсынылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қырғызстан парламентінің депутаты Шайлообек Атазов 18-20 жастағы қыздардың шетелге тек ата-анасының еріп жүруімен немесе тұрмысқа шыққаннан кейін баруын ұсынды.
«Көші-қон проблемалары өте өткір болып тұр. 18-20 жастағы қыздардың ата-анасымен шетелге кетуіне көз жеткізуіміз керек. Тағы бір ұсыныс бар: қыздар тұрмысқа шыққан соң кетсін. Көші-қонға жауапты басқармалар болсын. Олар комитетке ақпарат береді», - деді ол.
Мұндай ұсыныс Қырғызстан халқының наразылығын тудырды. Халық жастардың кету мәселесін тыйымдар мен ақымақ заңдармен емес, өмірді нақты жақсартумен шешуді талап етті.
“Адырна” ұлттық порталы