«Deutschе Allgemeine Zeitung» бас редакторы студенттермен кездесті

2387
Adyrna.kz Telegram

17 мамырда «Deutschе Allgemeine Zeitung» бас редакторы, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрайымы Клименко Олеся Сергеевна Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне келіп, ұжыммен және студенттермен кездесті.

Бұл жиында Мемлекет бас­шысы ұсынған саяси және құқықтық реформалар кеңінен талқыланды. Жиынның ашылуында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова алдағы өтетін референдумның ел тарихы үшін маңыз­дылығын атап, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум демократиялық жолдың айқын көрінісі деген пікірін білдірді.

Ел болашағында маңызды орын алатын референдум жайлы кездесу өткізуге арнайы келген «Deutschе Allgemeine Zeitung» бас редакторы, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрайымы Клименко Олеся Сергеевнаға алғысын жеткізді.

"ҚазИТУ ұжымының Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістер үшін дауыс беруге белсенділігі зор. Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды және  барша қазақстандықтарды  5 маусымдағы референдумға қатысуға  шақырады. Референдум қоғамның демократиялық  процестерге араласуына, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістерге жол ашуға үлкен мүмкіндік", - дейді ректор Гүлнар Әлібекқызы.

Өз кезегінде Олеся Клименко Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталғанын айтты. Мұндай референдум тарихи сәт екенін, тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алып отырған ерекше саяси маңызды өзгерістердің негізі екенін жеткізді. Профессор, ф.ғ.к., Котошева Кайни Кенжетайқызы, үлкен елдік өзгерістің, дамудың жаңа кезеңінің даңғыл жолына түскен Қазақстанның әр тұрғыны үшін референдумда дауыс беру өте маңызды деп санайды. Бұл жиында студенттер де өз ойларын ортаға салды.

Бақылау кеңесінің мүшесі , ҚазИТУ-дың 2 курс студенті Бақдәулет Ертуғанов өзгерістер мен жаңғыруларға жол ашатын референдумда, әсіресе, жастардың жауапкершілік сезінуі маңызды деп есептейді. Болашақ - жастардың қолында, бүгінгі әрбір атқарар ісіміз жарқын болашақтың іргесін қалауға негіз болуы керек дейді. Ол өз замандастарын жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.

Пікірлер