Генерал Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізіміне енді

2510
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ішкі істер министрлігі
Фото: Ішкі істер министрлігі

Генерал Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізіміне енді. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық кодекстің 370 бабының 4 бөлігінің 1 тармағымен "Ауыр зардаптарға алып келген қызметіндегі әрекетсіздік" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және оған Күдебаев Серік Мырзақұлұлы күдікті болып танылғанын мәлімдейміз", - делінген мәліметте.

Мұнымен қоса қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтыны, "сондықтан қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін еместігі" аталып өтілген.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығынан босатылуы туралы ақпарат таратқан. Ведомствоның мәліметінше, Күдебаев қызметінен өз еркімен кеткен.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер