1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі

1025
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/aқshaқunnamed-960x500.jpg?token=99a211a59dff43e8670262d49c66fab9

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

"Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі – 52 372 теңге, магистратурада – 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге

болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр. 

Вице-министрдің сөзінше, жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.

Комментарии