НҰРАТ ІЛИЯС: Неге Украина Ресей үшін соншалықты маңызды?

2255
1. Путиннің фашистік режимінің «арнайы әскери операция» деп бастаған басқыншылық, жаулап алушылық соғысының басталғанына бүгін 51 күн болды. Кезінде Гитлер де «арнайы әскери операция» «Германияның басқа амалы қалмады» деген сөздермен бастаған өзінің жаулап алушылық соғысын. Путиннің ісі-кәдімгі фашизм. Және оның ультиматумы да ерекше. «Кедергі жасаған елге атом қаруын тастаймын»-дейді. Украинды ала алса келесісін бастамақ. Әлемде әлі де көп адам түс көріп жүрген сияқты. Бұл соғыс - 21 ғасырда БҰҰ мүше бір мемлекетті кәдімгідей жаулап алып, жойып жіберуге бағытталған соғыс. Әр адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігімен өмір сүріп, кей кездері онда не болып жатқанын ұмытып кетеді. Барлық ауыртпалық Украинаға, украин халқына тиіп жатыр. Хронология бойынша -Буча қырғыны, зорлық-зомбылық, кешегі Ресейдің әлемде теңдесі жоқ «аналогов нет» Мәскеу кемесінің суға кетуі, енді тізе берсең көп.
2. Ресей бұл соғысты «денацификация және демилитаризация» деген мақстатпен, жоспармен бастады. Денацификация-дегеніміз ұлтсыздандырыу, санасыздандыру, мәңгүрттеу. Яғни ұлтты жою. Ресей айтқан «ұлтшылсыздандыруы» емес. Ресейге сенсең Украинаға басып кіріп Украин қалаларын қиратып, адамын өлтіріп, әйелдерін зорлап жатқан жатқан Ресейлікерді өлтірген Украин әскерінің әрекеті заңсыз. Яғни кінәлі. Немесе әлемде «ұлы орыс ұлтын» түсінбегенің бәрі фашист, жау. БҰҰ-да Ресейге 145 ел қарсы шықты. . Ресей түсінігінше оның бәрі жау, ұлтшыл Украиндарды қолдайды. Біз сияқты қалыс қалғандар да ұлтшыл. Ал Демилитаризация-дегеніміз қарусыздандыру, қауқарсыздандыру, мемлекет ретінде өзіңді-өзің қорғай алмау. Ресей түсінігінде оған қарсы келмеу. Бұл енді сұмдық. Ал бізді ұлтсыздандыру да керек жоқ сияқты. 30 жыл бойы өзіміз де..
Мағауиннің «Ұлтсыздану ұраны» жазбалары еске түседі.
3. Қалай басталды? Ресейдің арманы, мақсаты не? Сәл кері шегінсек. Путиннің, фашистік Ресей билігінің өзектерін өртейтін өкініштері бар. Біріншісі 1917 жылы патшаның тақтан құлауы, біртұтас Ресей империясы «қайдағы бір Ленин» тарапынан ұлттық мемлекеттерге бөлініп КСРО болып қайта құрылуы. Екінші өкініштері - кезінде Лениннің КСРО астына қойған «бомбасы» 1991 жылы жарылып, КСРО ыдырауы. Яғни «де-факто бұрынғы Ресей ыдырады» Дәл осыны соғыс басталардан бір күн бұрын 23 ақпанда Путин әлемге 1 сағаттық лекция етіп оқыды. Оны талдау ұзақ әңгіме.
4. Цифрларға, даталарға назар аударыңыз! 1917 жылы 23 ақпанда Ресейде патша тақтан құлады, яғни «ақпан төңкерісі», сол жылы большевиктер қазанда қайта төңкеріс жасады. Қазіргі Ресей сол кездегі екі төңкеріске де Батысты кінәлайды. Ленинді жіберген Германияны кінәлайды. 23 ақпан- КСРО-да әскері күні болды. Қазір Ресей және кейбір посткеңес елдерінде әскері күні. Ресейшіл тіпті Ресей қойған Украина төртінші президенті Виктор Янукович 2014 жылы 22 ақпанда Киевтен қуылды. Неге ЦРУ, Госдеп дәл сол күні Януковичті төңкерді деген сұрақ Путиннің жүрегінде қара қан болып қатып қалды.
5. Янукович 2013 жылы күзде Еуродақпен сауда-саттық келісімге қол қоюдан бас тартты. Сол үшін Киевте майдан басталды. Майдан 2014 жылдың ақпанына дейін созылды. Себебі Ресей Януковичті келесі 2014 жылы құрылғалы жатқан ЕврАзЭС-ке шақырып қойған еді. Барлық қызық сол жерден басталды. Ресми Мәскеу Украинаның заңды президентін АҚШ, ЦРУ, Госдеп төңкерді деп сол кезден бастап айыптады. Сол жылы Қырым басып алынды. Ресей Донбасс пен Луганскіні бүлдірді. Кейін Минск келісімі болды. Бәрін қысқа айтуға тырысайық.
6. Арада тірескен 7 жыл өтті. Стамбулда «Правый сектор» адамдарымен сөйлестім. Айтуларынша Порошенко мен Зеленскийді Кремль сатып алмақ болған. Түк шықпаған. Соғыспен бағындыру керек болды. 06.12.2021 күні Жирик «соғысты 02.22.2022 бастаймыз» деді. Бірақ ДНР мен ЛНР-ді 21 ақпан күні мойындап барып 24 ақпанда бастады. АҚШ барлау қызметі дәл уақытын айтты. Киевтегілер Ресей әскерді ДНР мен ЛНР-ге ғана кіргізіп шектеледі деп ойлаған. Естеріңізде болса соғыс басталғанан кейін Януковичті 2 мәрте аранайы ұшақпен Минскіге алып келді. Киевте билік құлаған жағдайда Вашингтон мен Брюсселдің көзіне шұқып Януковичті қайта таққа отырғызбақ болды. Украина менің территориям дегісі келді.
7. КСРО 1922 жылдың 30 желтоқсанында құрылды. Биыл 100 жылдығы.
Әр жылдың соңында Путин ТМД елдері басшыларын «ақ патша» отырған, Ресей империясының астанасы болған Санкт-Петербургке ресми емес саммитке шақырады. Былай айтқанда жыл қорытындылап, есеп алып, кім орнында қалады, кім кетеді сосын келесі жылға жоспар құрады. 28.12.2021 жылғы кездесудегі жоспар ерекше болды. Біздегі «ақпан оқиғасына» тікелей қатысы бар. Қазақстанды бір пысықтап алғысы келді. Себебі алда үлкен жоспар тұрды. 2014 жылы Астанада мамыр айында бұрынғы «Кедендік Одақ» елдері «Еуразиялық экономикалық Одаққа» қол қойды. Одақ 2015 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Ресей осы одаққа о бастан Украинаны тартқысы келді. Тартыс сол үшін басталды. Ресей үшін бұл одақтың Украинасыз маңызы онша болмайтын еді.
8. Жоспар бойынша соғыс 24 ақпанда басталады. Бір апта немесе ары кетсе 1 ай ішінде Украина әскері тізе бүгіп, қазіргі билік қашып кетеді. 9 мамыр күні Путин Киевте жеңіс парадын өткізеді. Бандерашылар туын өртейді. 24 тамыз Украина тәуелсіз күнінде Украинада президенттік парламенттік сайлау өтеді. Кукла басшылар билікке келеді. Мәскеуге қарасты парламент Украина атазаңын өзгертеді. Жыл соңындағы Санкт-Петербургтағы жиын жылдағыай бейресми емес, ресми түрде өтеді. Мүмкін 30.12.2022 өтеді. Себебі Украина «Одаққа қосылады» «Ленин бүлдірген, КСРО-ның құрылғанының 100 жылдығына байланысты (30.12.1922) жаңа одақ құрылады. Одақ жаңа форматқа көшеді. Ортақ парламент пен ортақ ақша болады. Кейін ортақ парламент шығарған заңға бағыну керек боласың. Мәскеудің басты жоспарында бұл одақта Ресей, Украина, Қазақстан және Белорус болу керек. Яғни бұрынғы КСРО-ның 90 пайызы. Олардың болуы Мәскеу үшін геосаясатта маңызды.
9. Қайта шапқан жау жаман демекші Ресейдің ойы одан арыға бару. Бір күні «ортақ парламент» тек Біртұтас Ресей дегенді шығара салады. Қазақстанды бұрынғы патшалық Ресей кезіндегі сияқты вертикалды түрде Солтүсткен төменге қарай жеті аймаққа бөліп тастауы мүмкін. Укриананы мен Беллоруссияны да аймақтарға бөле салады. Бөліп ал да билей бер. Ондай болмасын ешқашан! Жаман айтпай жақсы жоқ, Ресейден, көзі қарауытқан Путин режимінен бәрін күтуге болады. Көз алдыма қазіргі жағымпаз тобыр елестеп кетті. Пәленше түген орынға «лайықты» тағайындалды деп ол кезде де жүре беретін сияқты. Өйкені КСРО кезінде солай болған.
10. Неге Украина Ресей үшін соншалықты маңызды? Ресей халқы 145 млн. Оның ішінде орыс, славян 106 млн. Ресейде бір күнде 4 мың адам өмірге келіп 7 мың адам адам қайтыс болады. Шығын күніне 3 мың. Бір жылда 1 млн адам дей беріңіз. Оның ішінде де орыс көп өледі, көп тумайды. 35 млн тұрғыны бар Өзбекстан күніне 1 мың 800 адамға, 39 млн халқы бар Ауғанстан 2 мың адамға көбейіп жатыр. Қазақстан 740 адамға. Украина жері тегіс қара жер, құнарлы, ең бастысы орыс болуға дайын украин бар. 10 млн беллоруспен 45 млн украин Ресей үшін таптырмас байлық. Орыс азайса келешекте ана жерді ұстап тұра алмайды. Өзіңді-өзің қамтамасыз етіп жақсы экономика құру үшін, үлкен держава болу үшін экономистердің айтуы бойынша кемінде 200 млн адам керек. Немесе белгілі бір одақта болуың керек.
11. Кешке дейін Мәскеудің қақсай бертініндей НАТО Шығыс Еуропаға жылжып жатыр ма? Жоқ. Керісінше Шығыс Еуропалықтар Ресейден қорқып НАТО-ның есігін қағуда. Бейтарап саясат ұстанып келген Швеция мен Финланидя да өтініш берді. Осы екі ел НАТО-ға кірсе Ресей ештеңе істей алмайды. Кезіндегі Варшава шартты ұйымына мүше елдердің барлығы НАТО-ға кіріп жатыр. Бұрынғы КСРО-дан 3 ел кіріп кетті. Неге? Себебі Ресейге деген сенім жоқ. Ресейге құл болғысы келмейді. Укарина Мәскеудің жоспарын быт-шыт қылды. Украина біз үшін де соғысып жатыр.
12. Ресейдің құрған ОДКБ ұйымы бар. Бұл Ресейдің НАТО-сы. Неге Шығыс Еуропа елдері немесе басқа елдер осы ұйымға кіруге өтініш бермейді. Себебі тозаққа өзі келіп түседі. Өтініш берсе тек Сирия берер )) Немесе Ресейдің құрған ЕврАзЭС-і (Еуразиялық экономикалық одағы) бар. Неге осы одаққа ешкім қызығушылық танытып өтініш бермейді. Күшпен әкеліп кіргізіп қойған Белоруссия, Қазақстан, Қырғыз, Армяндарды есептемегенде. Екі Одақты салыстыруға келмейді. Мұнда жигулиді 50 мың долларға алып Ресейдің құлы боласың. E gov-ты Сберге тығады. Барлық табыс Мәскеуге кетеді. Орыс тілін міндеттейді. Айта берсең көп.
13. Ресей билігінің түсінігінде әлемде русофобия көбейіп кетті. Мәскеудің зертеуінше ондай елдердің саны 50 жетті. Түсінген адамға бұл Русофобия емес - бұл антифашизм. Путиннің және көптеген орыстың түсінігінде орыстар- жоғары санаттағы ұлт. Ал оны мойындамағандар-жаңаұлтшыдар, фашистер. Негізгі жаңаұлтшылдар Путин режимі.
14. Ресей Швеция мен Финландияға: Сендер неге НАТО-ға кіресіңдер?
Екі ел: Қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін.
Ресей: Бір елдің қауіптілігі, яғни Ресейдің қауіптілігі үшін ол одаққа кіруге болмайды.
Екі ел: Біз Ресейге қауіп төндіру үшін емес, өзіміздің қауіпсіздік мәселеміз үшін кіргел жатырмыз. НАТО мен Еуродақта шарттар басқа. ОДКБ мен Еуразия одағында басқа.
15. Ресей СІМ Лавров: Егер Украина біздің елге зымыранмен атқылайтын болса - бұл соғыс деген сөз. Халықарылық келісімдерге қайшы. Біз Киевтің орталығын бомбалаймыз.
Әлем елдері: Сен өзің не істеп жатырсың Украинада?
Лавров: Түсінесіңдер ме? ол жерде орыс тілін ұмытып қалған жастар өсіп келеді олар ұлтшылдар, біз солар үшін «жәй әшейін әскери операция жүргізіп жатырмыз. Негізі біз Украинаға шабуыл жасамадық. Біз ешкімге шабуыл жасамаймыз да. Бұл 10 наурыз күні Түркия, Анталияда болған форумнан. Кімнің есі ауысып қалған мұнда? Ресейді таза шизик, аураулар басқаруда.
16. Фашизмнің толық іске асуы үшін 12 принцип бар екен. Путин режимі бұл көрсеткішті 15 жеткізген. Мысалы Ресейдің ішіндегі автономиялы елдердің бірін тәуелсіз етіп жіберсең, сырттан ешкім тиіспеген жағдайдың өзінде ел болулары қиын екен. Санасы әбден өшкен. Ұзақ уақыт тентіреп жүре береді екен. Жаңа қожайын іздеп тұрады екен. Ал биыл георги лентасын тағып «өлік, өлімтік, өлексе полк» шеруін өткізген елдер Ресей фашизмінің ықпалында деп есептей беріңіз.
17. Тыныш жатқан Донецкі мен Луганскіні бүлдірген Ресейдің өзі. «Украинадағы орыстар қысым көріп жатыр» деп сепаратизмге бастаған Ресей. Бұл екі аймақтағы орыстардың құлағын көтерді. Олар «давай бөлінеміз» деді. Енді Путин осы екі аймақ тұрғындарының қолына қару беріп Киевке айдап салды. Қазір бастарынан тыныштық кеткендеріне өкініп қалды. Дәл осындай жағдай 2008 жылы Рсейдің айтақтауымен Грузиядан бөлініп кеткен Оңтүстік Осетия мен Абхазяиның басына келіп жатыр. Олардың да қолын қару беріп Украинаға айдап салып жатыр. Сауап болды бір жағынан. Біздегі орыстар осы жағдайларды көрген шығар. Бірақ олардың арманы Ресей келсе қайтадан «старший брат» болу. Оны жасырмай айтып жүр. Өзге ұлт болғандығы үшін депутат болып бюджеттен 30 жыл жем жеп жүрген «Ассамблея» өкілдері де мәскеуге мойын бұрады. Қанша иіліп құрмет көрсетсең де осында жүргенін міндетсініп тұрады. Оны да ескеру керек.
18. 1990-2000 жылдары өлген чечендерде арман жоқ екен. Отандары үшін өлді Қазір Путин үшін, Ресей фашизмі үшін өліп жатыр. Польша президенті кескертті. «Егер Ресейді қазір тоқтатпаса Украинаны жаулаған соң оларды 5 жылда украиндарды Zомби етіп келесі бір елге шабуыл жасайды»- деді. Ресей фашизімін үгіттеу үшін Ресейдің мемлекеттік арналары әдейіге белгілі бағдарламаларға Симониян мен кеудесіне Z таңбасын қойған татар мәңгүрт сияқтыларды үгіттеуге қойған. Басқалар да қолдап жатыр деген мағынада.
19. Тывадан, Буратиядан және басқа аймақтардан бодан ұлттар Украинаға жөнелтіліп жатыр. Көбі өлік болып қайтады. Ертең солар Мәскеуде жүргенде полиция тарапынан « Эй чурка, чукча, черный, хаджик иди сюда» дегенді естиді. Ол байғұс қалтасынан Ресейдің паспортын шығарып көрсетіп, Ресей үшін Укрианада соғысқанын дәлелдейді. Ресейге буряттар керек жоқ-бірақ Буратия керек. Якуттар керек жоқ-бірақ Якутия керек. Олар соғыс кезінде әскер болу керек, басқа уақытта Москвада сандалмай бұғы бағу керек. Кавказдықтар да солай, басқа кезде Кавказда тауда жату керек.
20. «Ойбай 8 жыл бойы Бандералар орысты өлтіргенде Батыс қайда қарады» дейді Мәскеу. 8 жыл бойы сол аймақты бүліктірген Ресей. Ресейдің залымдығына ойлы адамның жүйкесі шыдас бермейтін сияқты. Неткен арандатушылықтың, өтіріктің ордасы. Бірақ сұмдықтың соңы бұл емес. Ең сұмдығы Ресейдің осындай пропогандасын біздің АлмаТВ сияқты кабелдік және кабелдік емес арналардың көрсетуі. «Елдің жағдайы тамаша-деп кешке дейін өтірік айтатын біздің каналдар олардың жанында айналайын болып қалады екен.
21. Ресейдің дәл қазір қойып отырған тағы бір шарты ол НАТО-ның тарап кетуі. НАТО тарап кетсін дейді. Ал мейлі тарап кетсін. Сосын ертең Ресей Балтық еліндегі үш елден бастап бәріне бас салады. Кейінгісі Польша. «Русский мирді» құрамын дейді. Ең болмаса «Славян мирі» деген де жоқ. Осы «Русский мир» идеясымен бізге де келді. Біз қалай орыс боламыз? «Орыс әлеміне» жол жабық ал орыс тіліңе» қарсы емеспіз өйткені онсыз да орыс тілінде сөйлеп жүрміз деп әрең құтылғандай болдық.
22. 1932-33 жылдары Мәскеу КСРО-да екі ұлтты аштан қырды. Украиндарды қырып әлсіретсе Балтық теңізі мен Акуказға дейінгі аралық тыныш болады. Орта Азияда қазақты қырса, бұл аймақ та тыныш болады. Бірақ бәрбір КСРО ыдарауына 1991 жылы Украина көп үлес қосты. Көп жылдарға дейін оларда Степан Бандера бізде Әлихан бастаған Алаш Ордашылар халық жауы ретінде айтылып келді. Мәскеудің талабы-осы жағдай ары қарай жалғаса береу керек.
23. «Қырым біздікі болды, ана жер-мына жер біздікі болды» дейді. Қай жер кімдікі болмады. Ондайға салсаң Қырымда және Оңтүстік Украина жерінде ең көп уақыт тұрғандар гректер. Қырымның ескі аты Таврида. «Поль» сөзімен аяқталатын жердің бәрінде мыңдаған жылдар гректер тұрды. Севастополь, Маруполь деген сияқты ондаған қалалар бар. Ресей басып алған жерлерін қайтара ма?
24. Ресей атом қаруын ешқашан Укаинада қолданбайды. Оның тек бір көздегені бар, мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ-қа қоддану. Украина қорғаныс министрлігінің дегегінше 20 мың Ресей әскері өлген. 1 өлгенге 3 жаралыны қосыңыз. Сонда 80 мың шығын бар Ресейде. Батыс көмек беріп жатыр Украианға. Украина енді жеңіле қоймас. Ресей Путинді құртып билік ауысса біздің ел тағы біраз уақыт ұтар.
25. Менің ойымша осындай осындай жағдайлардан аман болу үшін Орта Азия елдері өздері одақ құру керек. Бірнеше тілде сөйлейтін Еуропалықтардың өзі Еуроодақ құрып отыр. Ал бізде ортақ тарих пен тіл бар. Біздің теңізге шығатын жолымыз жоқ. Теңізге шыға алмайтындардың жағдайы қиын. Саудада біреуге тәуелдісің. Басты мақсат қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket