"Ол бүкіл шындықты білді": ресейлік ақпарат көздері Сурковтың ұсталғанын хабарлады

4543
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы көмекшісі Владислав Сурков үйқамаққа алынды, деп хабарлады РФ Мемлекеттік Думасының бұрынғы депутаты, Украина аумақтық қорғаныс күштерінің мүшесі Илья Пономарев 11 сәуір күні Facebook-те. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

«Сіздер күлетін шығарсыздар, бірақ ресейлік z-дереккөздері бізге Владислав Сурковтың қамауға алынғаны туралы айтты: «Владислав Сурков үйқамақта. 2014 жылдан бері Донбасста қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - деп жазды ол.

Мемлекеттік Думаның экс-депутаты бұл ақпараттың расталмауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Қорғаныс министрлігі Сурковты расында жақтыртпайтын және мұнысы шынайы іске көшпесіне кім кепіл?! Екінші жағынан, Путин 2020 жылдың ақпанында ресми бұйрықпен ВЮС-ті көмекші қызметінен босатқанымен, Сурков әлі күнге дейін бар шындықты бәрінен де жақсы біледі. Сепаратистік псевдореспубликалардағы жағдай кең және ол ресейлік «Донбасс ардагерлеріне» жақын», - деп түсіндірді Пономарев.

Ол сондай-ақ Сурковтың Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен «әуелден жақын болғанын» және «академиктің көп нәрсені өзі ойлап таппай, Владислав Юричтің өсиетін ұстанатыны анық» деп атап өтті.

«Біз Сурковтың қамауға алынғаны туралы ақпаратты ресми растауды немесе жоққа шығаруды күтеміз», - деді Пономарев.

Дерек:

Сурков алғаш рет 2004 жылы мемлекет басшысының көмекшісі, 2008 жылы президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, 2011 жылы үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап Путиннің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Ол 2019 жылы 9 желтоқсанда Парижде өткен Донбастағы жағдайды реттеу бойынша Нормандия форматындағы келіссөздерге ресейлік делегацияның мүшесі болды.

Путин Сурковты 2020 жылдың 18 ақпанында қызметінен босатты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер