"Сатыбалды ісі": Назарбаевтың немере інісіне қатысы бар компания басшылары ұсталды

2986
Adyrna.kz Telegram

Қайрат Сатыбалдыұлын тергеу ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Сатыбалдыұлына, Г. Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда. Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды. Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қ.Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер