"Қазақстан құтырды": Ресейге қарсы шыққан Сүлейменовке Евсеев қатаң жауап берді

22084
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстандағы кейбір шенеуніктер "АҚШ-пен" жақсы дос болайық деп Ресейге қарсы шығуда. Сіздер өздеріңізге нақты не керегін анықтап алыңыздар. Тағы "Қаңтар қырғыны" орын алса, біз сіздерге көмектеспейміз".  Мұндай пікірді ТМД елдері институтының әскери сарапшысы Владимир Евсеев "МК" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Осы жылдың қаңтарында Ресей өзінің бітімгерлерін жібермегенде, Қазақстандағы жағдай драмалық сипатта болар еді, - деді сарапшы.

– Бірақ Ресей Қазақстанға бітімгерлерді жіберді, соның арқасында Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалды. Ал қазір кейбір шенеуніктер "Құдай сақтасын, бізге АҚШ қарсы санкциялар енгізбеуі үшін олармен жақсы дос болайық" деп жатыр. Сіздер нақты не қалайтындарыңызды анықтап алыңыздар. Сіздер Қаңтарда жүзеге асырмақшы болған "түрлі-түсті революцияны" қалайсыздар ма?  Мүмкін сіздер тіпті "түрлі-түсті революцияның" жақтаушысы  шығарсыздар? Бірақ егер "түрлі-түсті революцияның" жақтаушысы болсаңыздар, онда сіздерге қарсы іс қозғауға болады. Өйткені, Қазақстанға төңкеріс жасамақ болған Ресей Федерациясы емес, - деп ренішін білдірді сарапшы.

Владимир Евсеевтің айтуынша, Қазақстанда орыстарды жек көретін "русофобтар" көп.

- Қазақстанда неше түрлі көзқарастар бар. Ол жақта "русофобтар"  көп. Жағдай былай: Биылғы "Қаңтар оқиғасы" бір нұсқа бойынша – АҚШ пен Ұлыбритания ұйымдастырған төңкеріс әрекеті. Енді Ресей Федерациясы «түрлі-түсті революциядан» құтқарған Қазақстан: «Жоқ, біз Ресейге көмектеспейміз, өйткені санкциядан қорқамыз» деп отыр. Бірақ егер сізге қарсы төңкеріс ұйымдастырған мемлекеттің санкцияларынан қорқатын болсаңыз, онда сіз жақын арада сол сияқты екіншісін ала аласыз. Бұл бірінші. Екінші. Қазір қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемде Қазақстанның өзіндік орны бар ма? Егер оның орны болмаса, онда, әрине, ол бәрін дұрыс жасайды. Бірақ егер ол бір орынға ие болғысы келсе, онда оның дауыс беру құқығы болуы керек. Жағдай өте қарапайым, - деді ол. "

Сарапшы Қазақстанда "Қаңтар қырғыны" тағы қайталанса Ресей көмектесе алмайтынын мәлімдеді.

"Қалай болғанда да, Ресей араласуға мәжбүр болады. Бірақ, егер Қазақстанда Ресейге қарсы сөздер насихатталса, министр болып "русофобтар" тағайындалса, егер қаңтардағы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған бұрынғы көпвекторлы бағытты жалғастыруға талпыныстар болса, онда Ресейге оған кезекті рет көмектесу керек пе деген шешім қабылдау қиын болады. Бұл Қазақстанның өз таңдауы".

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер