Ресейлік бизнесмендер SWIFT арқылы ақша аударатын қазақстандықтарды іздеп жатыр

3245
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік компания Қазақстаннан банк карталарын ашып, оларға ақша аударатын қазақстандықтарды іздеп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы arbat.media-ға сілтеме жасап.

Тиісті бос орын HeadHunter сайтында пайда болды. Онда компанияның қаржыны батыстық клиенттерден алғаны айтылған. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты банктік SWIFT * аударымдары Ресей Федерациясының аумағында жұмысын тоқтатты, сондықтан олар «осы жүйе жұмыс істейтін Қазақстандағы серіктестеріміз арқылы жасауды» шешті.

Қызметкердің міндеттерінің тізіміне қазақстандық банк картасын жасау және оны телефон нөміріне байлау кіреді. Бұл тапсырма үшін компания 5 000 рубль (27 000 теңге) төлеуге дайын. Сондай-ақ, қызметкер болашақта банкпен туындаған мәселелерді шешкені үшін ай сайын 1000 рубль (5 000 теңге) алады.

 

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен Еуроодақ басшылары ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.

1 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан Ресеймен өзара есеп айырысудың SWIFT жүйесінің орнына басқа тетіктерді дайындағанын хабарлады.

Сәуірдің 1-і күні Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов еуропалық журналистерге Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды айналып өтетін құралға айналмайтынын айтты.

*SWIFT (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunications) — әлемдегі ең ірі банкаралық байланыс жүйесі. Оның көмегімен дүние жүзінің банктері бір-біріне аударымдар мен төлемдер туралы деректерді жедел түрде тасымалдайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер