Алты жасар балаға арақ ішкізген кім?

2721
Adyrna.kz Telegram

Ғаламтор беттерінде «Шығыс Қазақстан облысында алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр» деген ақпарат тарап кеткен.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін «Дидар» газетінің тілшісі аталған орталыққа барып, мән-жайға қаныққан екен. Жазуынша, ондағы жағдай мүлдем басқаша.

«Біріншіден, «аты шулы» алты жасар бала наркологиялық диспансерде осыдан үш жыл бұрын емделіп шығыпты. Әуелі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы туралы орталыққа полиция қызметкерлері хабар берген көрінеді.

Тексеру барысында оның ішімдік ішкені нақтыланған. Бұл жағдайдың бұрын да әлденеше рет қайталанғанын әңгіме барысында кейіпкердің өзі де растаған екен.

Екіншіден, балақайдың маскүнемдікке салынған дәнемесі жоқ. Балалар дәрігері Манап Қалиевтің айтуынша, алкоголизм диагнозы қойылғанмен, бала ащы суға тәуелділікке ұрынбаған. Бұл бар болғаны ата-ананың салғырттығынан туындаған келеңсіздік көрінеді»

Баланы мамандар ай сайын бақылауда ұстаған. Кейін жағдайы жақсарғандықтан «тәуекел тобынан» босатылған. Әйтсе де, осыған ұқсас оқиға облыста екінші рет қайталаныпты.

Бұған дейін Риддер қаласында ащы суға масайған жеті жасар бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер осыған ұқсас жағдайда орталыққа келіп түсетін жеткіншектер саны азаймай тұрғанын айтыпты, тіпті соңғы бес-алты жылда бұл көрсеткіш жоғарыламаса, төмендемеген.

«Бастапқыда орталыққа тек ішімдік пен шылымға әуес жасөспірімдер қаралуға келетін. Бертін келе мектеп оқушыларының арасында насыбайға әуестік пен токсикомания белең ала бастады. Онымен де күресіп жатырмыз. Есірткілік заттарға ұрынғандар да болды. Қазіргі уақытта парагенератор деген шықты. Оны көбісі «электронды шылым» дейді. Бірақ ол - көзалдау. Шындығында, ол қалтадағы кальян. Құрамында наша қоспалары бар. Осылардың бәрі жасөспірімдердің денсаулығына зиянын тигізіп жатқанын қайтерсіз»-дейді дәрігерлер.

___________________________________________________________________________________________________________

inform.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер