Шығыс Қазақстан облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

1111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
15 ақпан күні таңғы сағат 06:52-де Қазақстанның сейсмологиялық станциялар желісі Ресей аумағында орын алған жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы «Сейсмологиялық зерттеу институты» мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елді мекенінде 2-3 баллдық деңгейде сезілді. Атап айтқанда:
  • Катон-Қарағай – 3.0 балл
  • Марқакөл – 3.0 балл
  • Үлкен Нарын – 3.0 балл
  • Алтай – 3.0 балл
  • Буран – 3.0 балл
  • Риддер – 2.0 балл
  • Зайсан – 3.0 балл
  • Күршім – 3.0 балл
  • Самар – 3.0 балл
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Комментарии